• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті «100 жаңа есім» туралы: Сіздер қоғамның белсенді мүшесісіздер

ҚР Президенті «100 жаңа есім» туралы: Сіздер қоғамның белсенді мүшесісіздер

1 Желтоқсан, 2017 16:48
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздарын құттықтап бүгінгі күннің адамы қандай болу керектігін айтып берді.

 «Мен бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымын. Мен үшін екі туған күн бар. Біреуі өзімнің туған күнім. Ол – 6 шілде. Екінші, туған күнім – 1 желтоқсан. Сол күні бүкіл халық болып, тұңғыш рет қазақ елі, Қазақстан халқы президентін сайлаған уақыт. Сол сынға түсіп, тұңғыш рет сол жерде жеңіске ие болып, 90 пайыздан артық халықтың даусын жинадым. Содан бері 26 жыл өтті», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы  Тәуелсіздікке дейін және осы кезеңді салыстырып айтты.

«Қазір жассыздар. Кешегі мен бүгінгі күн ол – дәуір. Ол кезде басқа, қазір басқа дәуір болып отыр. 26 жыл ішінде өмір түбейгейлі өзгерді, сол кезде туған баланың жасы 26-ға келді. Жұмысқа енді кірісетін керемет жастық кез. Қазір мүлдем басқа заман», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев  барлық жеңімпаздарды құттықтап, алға жылжу керектігін тағы да еске салды.

«Мен сіздердің өмірбаяндарыңызбен таныстым. Сіздер қоғамда белсенді бола білдіңдер, алға  ұмтылдыңдар.  Біз Тәуелсіздік жылдарында оза шапқан «100 жаңа есіммен» кездесіп отырымыз. Мен сіздерді құттықтаймын. Әлем алға зымырап барады. Сәл кідірсең, қалт жібересің. Сондай уақыт. Менің кезеңім бөлек, сіздердікі де бөлек. Әлем, мемлекеттер мен халықтар, адамдар үнемі бәсекелестікте. Үнемі алға  ұмтылу керек, толқынға қарсы жүзгендей болу керексің. Тоқтасаң, толқын артқа әкетуі  мүмкін», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев «Рухан жаңғыру» мақаласын не үшін жазғанын айтты.

«Менің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаламда «көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан әлеммен және дамушы мемлекеттермен тең болу үшін біз де санамызды жаңғыртуымыз қажет» делінген. Мен дамыған 30 елдің қатарына кіру қажет деп тапсырма бердім ғой. Біз осыған қалай қол жеткіземіз, санамыз жаңғырмаса? Әсіресе, қазақтар үшін маңызды. Біздің ата-бабамыз мал бағып, көшпенді болып өтті», - деді президен

 

Ақбота Күзекбай 

Барлық жаңалықтар