• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР Президенті мен «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының кездесуі басталды

Астанада ҚР Президенті мен «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының кездесуі басталды

1 Желтоқсан, 2017 16:02
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі басталды.

 «100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырды.

Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.

Жоба жеңімпаздары Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевпен кездесіп, құттықтауға ие болады.

Айта кетейік, Жобаның  ақтық кезеңіне 302 үміткер шықты, олар  қызметтің түрі бойынша  6  санатқа бөлінді: ғылым-45 адам, спорт-42 адам, қоғам – 85 адам, медицина-46 адам, мәдениет – 37 және бизнес – 47 адам.Қатысушылар барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларын таныстырады.Дауыс берудің соңғы күні статистика жоба қатысушыларына  1 млн  76 мың дайыс берілгенін көрсетті. Жалпы көрсеткіште  316 мың адам дауыс берген. Сандардағы айырмашылықтың болуы бір адам  3 кандидатқа дауыс бере алады. Осылайша, бір адам өзі қажет деп таныған 18 адамға әр санаттан дауыс бере алады. Орташа есеппен қолданушы 3-4 үміткерге дауыс береді.

Қайрат Жандыбаев

 
 
 

Барлық жаңалықтар