- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан өңірлері Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қазақстан өңірлері Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Әкімдік алдындағы қалалық алаңда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына белгілі қазақстандық артистердің қатысуымен тегін концерт ұсынылады. Мерекелік концертке Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Дос, ағайынды Жүгінісовтер, «Рензо» тобы, «Аламан» триосы, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының артистері және т.б. қатысады.
Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шаралар Астана қаласының барлық мәдени мекемелерінде ұйымдастырылады.
Қалалық кітапханаларда «Елбасы – ел тірегі», «Лидер и моя республика», «Ел жүрегі – Астана», «Астана – символ Независимого Казахстана» және басқа да көрмелер өтеді. 30 қараша мен 30 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған фотокөрме ашылады.

ШҚО-да Тұңғыш Президент күні қарсаңында Невзоровтар музейінде «Дәуір. Кітап. Лебедев» атты музей қорынан көркем кескіндеме және графика көрмесі ашылды
Тарихта тұрған кезенің ашық та, айқын өз тұлғасының таланттылығымен көрсете алған адамдар жиі кездесе бермейді. Олардың бірі Владимир Васильевич Лебедев. Орыс кеңес заманының көркем кескіндемешісі, график суретшісі, плакат салу, кітап және журналдарды безендіру өнерінің һас шебері.


Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Тұңғыш Президенті күніне арналған 1000 адамның қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» атты фото және кітап көрмесін аралап көрді.
Мұнан соң өңір басшысы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері ұйымдастырған «Біз Елбасымен біргеміз» атты флешмобын тамашалады.
Салтанатты жиын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты арнайы дайындалған бейнебаянның көрсетілімімен басталды. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, 16 азаматты алғыс хатпен марпаттады.
«Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпы халықтық мерекеге айналған күн. Бүгін Президентіміздің абыройлы сыртқы саясатының нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан 70-тен астам халықаралық, аймақтық және ведомствоаралық ұйымдарға мүше болып отыр. Сеніммен тапсырылған ірі халықаралық ұйымдардың төрағалығын атқырып, маңызды іс-шараларды үлкен деңгейде жүзеге асыруда» - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бүгінде облыс халқы бірлік пен ынтымақтың, ұлтаралық және ұлтішілік татулықтың арқасында Тұңғыш Президентіміздің «Қазақстан - 2050» Стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары мен міндеттерін орындауда нақтылы табыстарға қол жеткізуде.

Гүлтай Хасенова
Фото өңір әкімдіктері мен ҚМ-ден алынды
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары