- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуде
Қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуде
2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Парламенті Сенатының отырысында ҚР Тұңғыш Президенті күні жаңа мемлекеттік мейрамын құру туралы заң қабылданған болатын.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігін, Конституциясының, адамдары мен азаматтарының құқықтары мен бостандығының қорғалуын қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Тұңғыш Президенттің жетістіктері үлкен құрмет және халық тарапынан сенім туғызады», - делінген Сенаттың заң жобасы бойынша қорытынды сөзінде.
Еске сала кетейік, оның тарихи алғышарты 1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпы халықтық сайлау нәтижесінде дауыс берушілердің 98,7 %-ы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендегі оқиға болған еді.
Оның алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы етіп қайта атау туралы заңға қол қоюы болды, ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Қазақстанда Мемлекет басшысының басшылығымен жүргізіліп жатқан ішкі және сыртқы саясат әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар, заманауи, қарқынды түрде дамып келе жатқан мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етті.
Еліміздің тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі жетістіктері халық таңдауы дұрыс болғанын көрсетеді – Президент Н. Назарбаев берген антын толықтай орындап шықты, жаңа, күшті және тәуелсіз Қазақстанның құрылуына бар күшін күшін салды және әлі де күш салуда.
Республиканың Тұңғыш Президенті күні әрбір қазақстандық үшін әлеуметтік және экономикалық маңыздылықты біріктіреді. Салыстырмалы түрде жас еліміз әлемдік деңгейге шығып, сыртқы саяси аренада танылды.
1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді