- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстанның батыс және шығыс өңірлері цемент импортынан толықтай бас тартуы мүмкін
2014 жылы Қазақстанның батыс және шығыс өңірлері цемент импортынан толықтай бас тартуы мүмкін
15 Қаңтар, 2014 11:20
Жылына 1 млн тонна өнім беретін Маңғыстау облысындағы «Каспийцемент» АҚ мен жылына 2 млн тонна өнім беретін Ақмола облысындағы «Көкшецемент» АҚ өндірісінің іске қосылуы импорттан толықтай арылып, экспорт көлемін арттырып, маусымаралық мезгілдерде елдің шығысы мен батысындағы баға қымбаттауының алдын алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
«ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің мәліметінше, 2013 жылдың 10 айындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанның ішкі нарығындағы отандық цемент өнімінің үлес салмағы 80% құрайды. Осы уақытта 6,2 млн тонна шығарылса, сырттан әкелінген цемент көлемі 1,6 млн тонна», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда жалпы саны 10 зауыт цемент өндірумен айнаысады, олардың жалпы қуаты жылына 10,74 млн тонна өнім беруге жетеді.
Елдің батыс өңіріндегі «КаспийЦемент» ЖШС 2013 жылдың соңында жылына 1 млн тонна өнім беретіндей қуаттылыққа жетті.
Ал 2014 жылы Ақмола облысында «Көкшецемент» ЖШС зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Оның қуаты жылына 2 млн тоннаны құрамақ.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді