- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Екі ел арасындағы туысқандық әрі бауырластық қарым-қатынасты орнына келтіру екі халықтың мүддесі
Н.Назарбаев: Екі ел арасындағы туысқандық әрі бауырластық қарым-қатынасты орнына келтіру екі халықтың мүддесі
Мемлекет басшысы қырғыз тарапының өтініші бойынша Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Қырғызстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Екі ел арасындағы туысқандық әрі бауырластық қарым-қатынасты орнына келтіру қажет. Бұл жерде екі халықтың мүддесі тұр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жуық арада екі ел үкіметтерінің жұмыс топтары Жол картасы бойынша жұмыс жүргізіп, оған қол қоятынын айтты. Содан соң, қырғыз тарапының өтініші бойынша Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы қазіргі мәселелер шешілетін болады.
«Шекараға Қазақстан және Қырғызстан тараптары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері бірлесе бақылау орнататын болады. Мұндай тәртіпті Қырғызстан-Қытай шекарасында да белгілеген жөн», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Сооранбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтағаны және Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін алғыс айтты.
«Біз елдеріміздің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, бірқатар ұстаным бойынша ортақ пікірге келдік. Қазіргі проблемаларға қарамастан, мен жеке жауапкершілігіме ала отырып, шекарамыздағы ахуалды реттеуді сұрадым», – деді Қырғызстан Президенті.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдеріміздің қарым-қатынасы тату көршілік сипатта екенін атап өтіп, туындаған барлық мәселені сындарлы жолмен шешуге ниетті екенін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері