- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол», «Туған жер», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары рухани жаңғыру кепілі - Дархан Жазықбаев
«Нұрлы жол», «Туған жер», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары рухани жаңғыру кепілі - Дархан Жазықбаев
«Әр ғасырда, әр кезеңде уақыт өзгертіп отырады. Мәселен, Батыс Еуропада өздерінің орта ғасырдағы кезеңдерін қараңғы қапас деп айтуларына ауыздары бармайды. Себебі, ол кезде қайта өрлеу кезеңі басталып, олар ғылымға бет бұрып кетті. Мысалы, жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде ғылым мен техниканың даму кезеңі басталды. Ал, қазір біз жиырма бірінші ғасырдың бастауында тұрмыз. Бүгінде инновациялық технологияның дамуы шарықтау шегінде тұр. Біз ғарыштық кеңістіктегі көзге көрінбейтін нәрсені көріп, естіп, біліп отырмыз. Осы ретте күні бүгінге дейін қалыптастырып келген ұлттық кодымызды жоғалтып алмаймыз ба деген мәселе туындауда. Тәуелсіздігіміздің жүз жылдығында, жиырма екінші ғасырға біз қандай ұлттық код сақталып қалады, қалай барамыз деген мәселе туындап отыр. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен бізге осы ойды тастап отыр. Қазір біз ойналуымыз керек» - деді Дархан Жазықбаев.
Спикердің пайымынша, Елбасының әрбір бағдарламасы тектен тек шықпайды және өзара тығыз байланысты.
«Жалпы, «Нұрлы жол», «Туған жер», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары рухани жаңғыру кепілі. Мәселен, Сакралді Қазақстан бағдарламасы деп жатырмыз. Осы киелі жерлерге бару үшін бізге сапалы жол және жол бойындағы инфрақұрылымдар керек. Ал, олар Нұрлы жол бағдарламасы аясында жасалып жатыр. Ал, енді Туған жерге келетін болсақ, туған жерге туыңды тік дейді халқымыз. Егер, осы Туған жер арқылы барша азаматтар ауылдарын дамытуға барынша атсалысып жатса қандай жақсы болар еді. Бұл да сол Нұрлы жолға қосқан үлес емеспе. Цифрлық Қазақстан туралы айтатын болсақ, кеше ғана Түркі академиясы Атамұра мирасы деген үлкен порталды таныстырды. Ал, осы порталдағы дүниелердің ауылдағы ағайынңа жетуі сол Цифрлық Қазақстанға байланысты. Бұл бағдарлама қаншалықты жүзеге асырылса, соншалықты олда бізге жетеді. Міне, осылайша Рухани жаңғыруымыздың негізі бізге бай дүние сыйлап отыр», - деп түйіндеді Дархан Жазықбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білім беру, экология және абаттандыру, бойынша өлкетанушылық жұмыстарды ұйымдастыру, аймақтардың тарихын зерттеу, жергілікті деңгейде мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдениет нысандарын қалпына келтіру сияқты жұмыстар жүргізу қажеттілігін айтқан болатын.
Мөлдір Асқарқызы
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде