Атырау облысында 3,5 млрд теңгенің 5 инвестжобасы жүзеге асады

15 Қаңтар, 2014 11:15
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Атырау облысы дамуының басым бағыттарының бірі. Осы маңызды тапсырманы орындау үшін агроөнеркәсіптік кешеннің 5 ірі жобасын жүзеге асыру басталды. Оның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды.

«Инвестициялық жобаларға «Первомайский» ЖШС-нің 500 бас ірі қара малының сүт-тауар фермасы мен «Махамбет ауданындағы «Розметов» ШҚ-ның 600 бас асыл тұқымды ешкі ет-сүт фермасы кіреді. Сонымен қатар, аталмыш ірі жобалардың құрамында өңірдің дамуына мол үлес қосатын жобалар бар», - акиматта.

Атап айтар болсақ, олар Индер ауданындағы «Алға 1» ШҚ-ның мал шаруашылығы. Ол күніне 1 тонна сүт өндіруге қауқарлы. 2014 жылдың сәуір айынан бастап кәсіпкерлік шұбат пен қымыз шығаруды көздеп отыр. Малшылар осы мақсатта 200 жылқы мен 150 түйе бақпақ. Емдік қасиеті бар сусындар қаланың түрлі сауда орындарында халықтың игілігіне ұсынылатын болады.

Осы сынды «Ганюшкин егін өнімдері» ЖШС Құрманғазы ауданында тәулігіне 1000 литр сүт шығаратын болады. Сонымен қатар, осы ауданда «Ақжонас» ЖШС етті бағыттағы еділбай тұқымды қойлардың мыңдаған басын сатып алып асырайтын болады. Аталмыш кәсіп облыстың өндірістік белдеуін құруда аудан үшін маңызды рөл атқармақ.

Ал Жылыой ауданында құс шаруашылығы қарқын алады деп күтілуде. Жоспарлы қуатқа жетер болса, кәсіпкерлік 30 млн жұмыртқаға дейін өндірмек. Қазіргі таңда биылғы облыс орталығында тағы бір құс фабрикасын ашу мәселесі қаратырылуда.

«Қарағаев» ШҚ биылғы жылдан бастап қаз етін өндіре бастамақ. Қазіргі таңда қаз басы 10 мыңды құрайды.

Айта кету керек, 2013 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 1,7 млрд теңге бөлінді. 266 шаруа қожалығы мал азығын сатып алуға және өзге де қаржыландыруға 327 млн теңге көлемінде субсидия алды. Осылайша мемлекет шаруашылық шығындарының 50 пайызын өзі жапты.

 

Барлық жаңалықтар