- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Е-айыппұл» пилоттық жобасы таныстырылды
Алматыда «Е-айыппұл» пилоттық жобасы таныстырылды
Жұмыс сапары барысында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі Комитеттің төрағасы Бағдат Мусин жүргізушілерге қажет құжаттар санын қысқартатын «Е-штрафы» жобасын таныстырды. Ол өзінің сөзінде ИИН бойынша планшеттер арқылы жүргізуші жөнінде барлық мәліметті, оның ішінде техпаспорт пен сақтандыру полисі туралы да білуген болатындығын жеткізді. Бұл жүйе енгізілген соң автожүргізушілер полиция қызметкеріне тек жүргізуші куәлігін көрсетсе болғаны. Айыппұлды жүргізушілер дәл сол жерде немесе мобильді POS-терминалы арқылы төлейді, ақша бірден автоматты түрде төлем жүйесінен көрінеді.
«Енді хаттамаларда негізгі үш көрсеткіш көрініс табады, олар: ИИН, автомобильдіің мемлекеттік нөмірі және тәртіп бұзу бабы. Бұдан былай жүргізушілердің толық құжаттарын алып жүруі қажет емес. Жергілікті полициямен жүйе тестілеуден өтті. Біз құжаттарды қажет етпейтін жүйе бойынша жұмыс істейтін алғашқы қаланың Алматы болуын ұсынамыз», -деп атап өтті Б.Мусин.
Өз кезегінде Алматы әкімі пилотты «Е-штрафы» жобасының мегаполисте енгізуге қолдау білдірді және қаланың патрульді қызметін планшеттермен, мобильді термопринтерлермен жабдықтау үшін қаржы іздестуріді тапсырды.
«Цифрлы Қазақстанның енгізілуі түрлі әкмішілік кедергілерді жойып, жемқорлықты азайту үшін енгізіледі», -деді Б.Байбек.
Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында «Инновациялық технология паркінің» автономды кластерлі қоры маңында орналасқан «Tech-Garden» ІТ аймағында болды.
ІТ аймақтың резиденттері - 10 IT-компаниялар мен 15 стартаптар. Бұлардың барлығы IBM, ARM, Autodesk, 1C сияқты заманауи палтформаларды пайдаланады. Жобаға қатысушылардың көпшілігі мұнайгаз, металлургия, машина жасау сияқты өндіріс саласымен айналысатын танымал шетелдік компаниялармен бәсекелес, сонымен қатар қаланың инфрақұрылымын дамытуға өздерінің оң істерін ұсына алады.
Асқар Жұмағалиев инновациялық негіздегі жобалармен танысты және Қазақстанның түрлі өңірлерінің және жақын шетелдрдің стартап- компанияларының қатыуымен шеберлік сыныптарын өткізуді ұсынды.
Бүгінгі күні Алматы қаласы транзитті-көлік дәлізін ойдағыдай жүзеге асыруда, әлемнің ірі нарығына қауіпсіз және қысқа жолдарды қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде елімізге халықаралық түрлі пошта өнімдері Астана, Алматы, Орал қалалары бойынша халықаралық пошта алмасу арқылы келуде, бұлардың 80%-ы Алматы арқылы өтеді. Пошта өнімдерін Қытайдың, Сингапурдың, Германияның, АҚШ-тың және басқа елдердің интернет- магзиндері жіберуде.
Премьер-министрдің орынбасары мен Алматы қаласының әкімі «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда пошта өнімдері автоматты түрде сұрыпталады, ол сағатына 6 545 пошта өнімдерін жібереді. Жүйе салмағы 10 килограмға дейінгі халықаралық және ішкі бандерольдер мен хаплықаралық шағын пакеттерді іріктейді.
Орталық жұмысымен танысу барысында «Қазпошта» АҚ-ы басқармасының төрағасы Сәкен Сарсенов интернет арқылы сауда жасаудың күн санап артып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері Қазақстанға 9 млн. астам шетелдік пошта өнімі түскен.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы