- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы заманға сай талаптарын да жаңартып отырады – Р.Әкімов
Елбасы заманға сай талаптарын да жаңартып отырады – Р.Әкімов
«Елбасымыздың әуелі экономика содан кейін саясат деген формуласы бүгінде өзінің орнын алды. Осы аясында бірқатар шаруалар атқарылды. Егемендік алған соң, экономика нақтыланып, қаржылық талаптар орнына келді. Елбасы заманға сай талаптарын да жаңартып отырады. Жақында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы жариялады. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру да бар. Қазіргі заман талабына сай кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустриалды өсім, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу, есептік мемлекет осы бағыттардың барлығының нәтижесін көріп жатырмыз», - деді Р.Әкімов.
Депутат нақты халыққа, елімізге аса маңызды екі бағдарламаға тоқталды.
«Ол «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламалары. Елбасының бастамасын құрылған бұл бағдарламалар тиімді көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бағдарламада халыққа маңызды әлеуметтік мәселелер қаузалған. Ел экомномикасының тұрақтылығы қомақты бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр», - деді депутат.
Депутат айтқандай, «Нұрлы жер» бағдарламасы халықты баспанамен қамтуды қарастырады.
« Елде әлі де болса баспана мәселесі күрделі болып отыр. Елбасы осыған орай мәселенің шешілуін қарастыратын бағдарламаны жүзеге асырды. Бұл жалға беру және ипотекалық тұрғыда баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша 9 млн шаршы метр үй салынды. Бағдарламаның тиімді тұстары өте көп», - деді Р.Әкімов.
Айта кетейік, «Стратегия» пікірталас клубы алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасын дамытуға бағытталған құжаттарды әзірлеудегі бастамашылдығы,Н.Назарбаевтың аумақтарды дамыту және ауылшаруашылығы саласын реформалаудағы бастамалары, Модернизация 3.0, 100 – нақты қадам, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды дайындатудағы Елбасының батыл қадамдары, Биыл елімізде өткен ірі халықаралық, саяси-экономикалық шаралардағы Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы ретіндегі рөлі мәселелері талқыланды.
Аягөз Құрмаш
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды