- Басты
- Жаңалықтар
- Тұңғыш Президент күні ұлттық рух пен сенімді нығайтады
Тұңғыш Президент күні ұлттық рух пен сенімді нығайтады
«Құрметті отандастар!Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен – қазақстандықтардың тағдыршешті таңдау жасаған күнімен құттықтаймыз.Бұл мереке жалпыұлттық татулық пен қоғамымыздың бірлігін қамтамасыз еткен тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Елбасының аса зор еңбегіне деген халықтың құрметін білдіреді», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.
Мемлекеттік мерекеге айналған маңызды күн ұлттық рух пен сенімді нығайтады, отандастардың зияткерлік пен жасампаздық күш-қуатын озық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыруға жұмылдырады.
Тұңғыш Президенттің саяси ерік-жігері мен стратегиясының арқасында бүгін таңда Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этностық топтар мен конфессиялар өкілдерінің бейбіт өмірінің өнегесі болды.
Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы – біздің Отан үшін және бүкіл халықтың игілігі үшін жасампаз еңбектен бастау алатын табысқа жету тарихымыз.
«Құрметті отандастар!Елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр: экономиканы, саяси жүйені және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары табысты іске асырылуда.Қазақстанды әлемге тұрақты және заманауи дамыған мемлекет ретінде танытқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді, халық шаруашылығының барлық салалары қарқынды дамып келеді.Біз барша халықты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен бірлік тілейміз.Денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болсын!», - делінген құттықтауда.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері