- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады
Сенаторлар тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады
Шарттың негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі кедендік реттеу саласында:
- декларация негізінде толтырылған құжаттарды кеден органына ұсынбай, кеден декларациясын электрондық түрде беру мүмкіндігі;
- кеден декларациясы тіркелген сәттен бастап төрт сағаттың ішінде тауарларды шығаруды жүзеге асыру;
- кеден декларациясын тіркеуге және тауарларды автоматты түрде шығаруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз жасау мүмкіндігі;
- Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесінің берілуі мүмкін заңды тұлғалардың санаттарын көбейту, арнайы жеңілдіктердің тізімдерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағындағы кедендік бақылауға қатысты арнайы жеңілдіктердің тізімдерін ұлғайту сияқты жаңа басым бағыттарды енгізеді.
Сенаторлар екі оқылымда қарап, тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады. Заңның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады.
Атап айтқанда, түзетулерде әскерилерге берілетін қызметтік тұрғын үй орнына бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қолдау көрсету қарастырылған. Бұл ретте, осы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері аймақтық және отбасылық құрам ерекшеліктеріне қарай сараланатын болады.
Құжат қызметтік тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтын кезде (егер ол әскери қалашықтарда, шекара заставалары және өзге де жабық нысандар аумағында болса) әскери қызметшілерге төленетін, тұрғын үй жәрдемақысы мен ақшалай өтемақы мөлшерін есептеу тәртібін айқындайды.
Тұрғын үй төлемдерін пайдаланудың мақсаты, оларды төлеуді тоқтату негіздері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің құрамы нақтыланады. Әскери қызметкер қаза болған жағдайда, отбасы мүшелеріне, мұрагерлерге тұрғын үй төлемдерін пайдалануға, біржолғы ақшалай өтемақы түрінде алуға кепілдік беріледі. Әскери қызметкердің өліміне (қайтыс болуына) байланысты біржолғы ақшаны төлеуден бас тарту шарттары бекітілген. Жекелеген түзетулер арқылы банктік шоттарда жинақталған тұрғын үй төлемдерін мақсатсыз пайдаланудан қорғау мәселелері реттелген.
Отырыс барысында сенатор Дариға Назарбаеваның Премьер-министр Б.Сағынтаевтың атына жолдаған «Қазтелерадио» АҚ-ға тиесілі «OTAU TV»-ның 1 миллионнан астам абоненттерін «Caspio HD» жеке компаниясына қандай мақсатпен беріліп жатқанын анықтау туралы; сенатор Нариман Төреғалиевтың балет пен би әртістерінің зейнеткерлік жас мөлшерін белгілеуді қайта қарау туралы депутаттық сауалдары жария етілді. Отырыс соңында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев сенаторларды келе жатқан мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтады.
Сенаторлардың бастамасы бойынша заңнамалық деңгейде қабылданған бұл маңызды ұлттық мереке 2012 жылдан бастап мерекеленіп келеді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады