- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс бірқатар заң жобасына енген өзгерістерді жұмысқа қабылдады
Мәжіліс бірқатар заң жобасына енген өзгерістерді жұмысқа қабылдады
«Бүгінгі таңда мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар жиналған сыйақының көп бөлігін өздерінің жеке шығыстарын өтеу үшін қалдыратыны туралы фактілер орын алып отыр», - делінген хабарламада.
Осыған орай, Авторлық құқық туралы заңда көзделген ұйымдардың міндеттерін нақтылау мақсатында, сондай-ақ, тиесілі авторлық сыйақыны уақтылы төлеуге ықпал ететін болады.
«Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің патенттік заңнамасын үйлестіру мақсатында Қазақстандағы өнеркәсіптік меншік обьектілеріне құқықтарды қорғау құралдарының тізбесінен инновациялық патентті алып тастау орынды болып табылады», - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев.
«Заң жобасының басты мақсаттарының бірі ойын бизнесі туралы заңнамадағы букмекер кеңселеріне салық салудан жалтаруға, ойын мекемелерінен (тотализатор және букмекер кеңселері кассаларынан) тыс жерде бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға, ұтыстарды төлеуге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғаларға тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін іске асыруға жол беретін құқықтық кемшіліктерді жою болып табылады», - деп Палата алдында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейтсұлтан Әйімбетов баяндады.
Сондай-ақ, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды.
«Белгіленген квоталардан тыс парниктік газдар шығарындыларын арттырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 243-1- бабына сәйкес артық әрбір тонна үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бүгінгі күні бұл СО2-нің әрбір тоннасы үшін 17 310 теңге»,- деді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин мәлім етті.
Түзетулердің мақсаты – парниктік газдар шығарындыларына белгіленген квота көлемін арттырғаны үшін жауапкершілік тетігін кезең-кезеңімен енгізу болып табылады.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»