- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы діни жағдай тұрақты
Қазақстандағы діни жағдай тұрақты
«Бүгінде Қазақстандағы діни жағдайға тыныш, тұрақты деген сипаттама беруге болады. Қазіргі Қазақстанда 17 түрлі конфессияға қарайтын 140 этностың өкілі тұрып жатыр. 2009 жылғы халық санағының мәліметі бойынша, оның ішінде ең көбін ислам (діндарлардың жалпы санының 70%-ы) және христиандықтың түрлі бағыттары, негізінен православлықтар (26%) құрайды. Иудаизм мен буддизм сынды конфессиялардағы діндарлардың саны бірдей шамада (0,1%-дан). Қалған діндерде діндарлардың жалпы санының 0,2%-ы бар. Азаматтардың шамамен 3%-ы ешқандай дінді ұстанбайды», – деді Г.Шлымова.
Жүргізілген қайта тіркеу қорытындысы бойынша, бұған дейін жұмыс жасап келген 4 551 діни бірлестіктен Қазақстанда 3 088 діни бірлестік пен оның филиалдары қалды. Былайынша айтқанда, олардың жалпы саны 1 463 бірлестікке немесе 32%-ға қысқарды.
«Діни бірлестіктердің мұншалық қысқаруы, негізінен, өз жұмысын дәлелдей алмаған бірлестіктер есебінен болды. Ең алдымен, өз құрылтай қжатында күмәнді мәліметтер келтірген бірқатар діни бірлестіктер мен жалған діни құрылымдар қайта тіркеуге жіберілген жоқ. Сонымен қатар, діни оқу орындарының да саны қысқартылып, 28 ДОО-ның 13-і қайта тіркеуден өтті», – деді дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры.
Қазақстанда мұсылман діни бірлестіктері көп – 2 229. Осылайша, олар елдегі діндарлардың үштен екі бөлігін қамтиды. Сондай-ақ, діни ғимараттардың көп саны да осы ислам дініне қатысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты