- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО тұрғындары баспанамен және ауыз сумен қамтылды
ОҚО тұрғындары баспанамен және ауыз сумен қамтылды
Аймақ басшысы аудан орталығы – Темірлан ауылында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кезекте тұрған әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға табыстап, жаңа қоныс берекелі шаңыраққа айналуын тіледі.
Атаған үйлердің құрылысын жүргізген «Барыс-Тассай» ЖШС-гі нысанды мерзімінде аяқтап, пайдалануға беріп отыр. Ордабасы ауданында барлығы 30 коммуналдық тұрғын үй бар. Мұндағы әр үйдің шаршы метрінің жалдау құны – 50 теңге болып белгіленген.
Айта кетейік, ауданда жалпы коммуналдық тұрғын үй кезегінде 243 адам тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында аудан әкімдігі коммуналды көпқабатты тұрғын үйлерді салу үшін тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Осы күні облыс әкімі Төрткүл ауыл округіндегі Қарсыбай Спатаев ауылындағы ауыз су жүесінің іске қосылу шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Жаңа тартылған су құбырының ауыл халқы үшін орасан зор қуанышты оқиға екенін алға тартқан өңір басшысы облыстағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету облыстың даму бағытында атқарылатын жұмыстардың бастысы екенін жеткізді.
Мереке қарсаңында ауылдағы 136 отбасы, яғни 1600 тұрғын таза ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл нысанның құрылысын облыстық бюджет есебінен «Құрылыс-сервис- СК» ЖШС жүзеге асырып, пайдалануға берді. Жоба құрылысына 98 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
Жалпы аудан көлеміндегі 57 елді мекеннің бүгінгі таңға 39-ы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың 88,7 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. Алдағы 2020-2021 жылдары ауданды толық сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы