- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылық бойынша қылмыстық істер саны 80 пайызға қысқарды
Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылық бойынша қылмыстық істер саны 80 пайызға қысқарды
«Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылық бойынша қылмыстық істер саны 80 пайызға қысқарды. Кәсіпкерлер өз бизнесін жоғалтуға қорқады, алайда, бостандықты жоғалту одан да қымбат», - деді Б.Палымбетов.
Болат Палымбетов, өкінішке орай, кәсіпкерлердің шарттарына немесе орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға кезек келгенде негізсіз, кейде тіпті ойдан шығарылған бас тартулар орын алатындығын айтып өтті.
Оның айтуынша, шешім шығарушы шенеуніктер субсидия беру кезінде қаржыны өз қалтасынан шығаратындай сезім тудырады. Әрине мұндай жағдай кәсіпкерлер тарапынан жаңа шағымдар мен түсініспеушіліктер тудырады.
«Қаржыландыруды бөлу комиссиясының мүшелігіне көбіне басқару және білім беру бөлімінің қызметкерлері тағайындалады. Мұндай жағдай конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ете алмайды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Мұндай фактілерді болдырмау үшін субсидия бөлуші комиссияның құрамына бизнес өкілдерін енгізу қажет», - деп, санайды Болат Палымбетов.
Мысалы, Астанада және Ақтөбе облысында кәсіпкерлер мұндай комиссияның құрамына кіретіндіктен, онда бұл мәселе кездеспейді. Бизнес-омбудсмен айтып өткендей, бұл мәселе Білім министрімен жеке талқыланып, толығымен қолданды. Ауыл шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларында да ашықтық мәселесі орын алуда.
«Орталық мемлекеттік органдардың барлық комиссиялары мен жұмыс топтарында бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады. Бұл кәсіпкерліктің көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі. Дәл осы принцип бойынша облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы комиссия мен жұмыс топтарына өңірлік бизнес өкілдігін енгізуді қамтамасыз ету қажет. Және бизнес өкілдері дауыс беру құқығына ие болулары керек.
Бизнес жергілікті атқарушы органдардан тек ашықтық пен әріптестік қарым-қатынасты қалайды», - деп қорытындылады бизнес-омбудсмен.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда