- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы көрмеде қазіргі заманғы технологиялар мен техникалар таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанадағы көрмеде қазіргі заманғы технологиялар мен техникалар таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Көрмені Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев ашты.
«Бұл көрмеде жыл сайын Қазақстан, Ресей, Белорусия, Еуропа мен Азия елдері, АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдердің алдыңғы қатарлы фирмалары, кәсіпорындары мен ұйымдарының жол құрылысы жобалары және істелінген жұмыстардың нәтижелері, ғылыми әзірлемелер, техникалар мен технологиялар, заманауи тиімділігі жоғары материалдар көрсетілетінін атап өтті. Көрмені Ұйымдастыру комитеті кездесулер мен келіссөздер өткізу, өнімдерді таныстыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, конференциялар және семинарлар өткізеді. «Казавтодор» көрмелік іс-шарасын өткізудің практикадағы нәтижесі – бұл біздің жолдарға осы көрмелерде таныстырылу арқылы келген өнімдердің көпшілігін Қазақстанның жол шаруашылығында тиімді қолдану, Қазақстан Республикасында жаңа заманауи өндірістер құру екендігіне ерекше көңіл бөле кеткен жөн»,-деді өз сөзінде М.Пішембаев.



«Казавтодор - Kaztraffic 2017» жол құрылысынан бастап оны қолданысқа енгізуге дейінгі салалық шешімдердің толық жинағын көрсетеді.

Сонымен қатар, көрме аясында «Цемент-бетон жамылғысы бар автомобиль жолдары құрылысы және эксплуатациясы: мәселелер мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Қазіргі уақытта «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда цемент-бетон жамылғысы бар автожол дәліздерінің құрылысы жүріп жатыр.





Бұл цемент-бетонды жамылғылардың сақталуына ұқыпты қарау және күтіп-ұстау мәселелерін шешу және қарастыру қажеттілігіне байланысты. Конференция осы мәселелерді және олардың шешілу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Белорусия, АҚШ, Франция, Англия және Корея елдерінің алдыңғы қатарлы мамандары қатысады.

Фото: Азамат Әлиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады