• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан мен Вьетнам келісімін қарастырады

Мәжіліс өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан мен Вьетнам келісімін қарастырады

15 Қаңтар, 2014 10:46
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев жалпы отырыста осы келісімге қол қоюдың мақсаты құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өзара түсіністік және егемендікті құрметтеу негізінде азаматтық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсету қажеттігі болып табылатынын атап өтті», - делінген хабарламада.

Келісім шеңберінде Келісімге қатысушы мемлекеттердің әрқайсысының азаматтары мен заңды тұлғалары Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің азаматтары сияқты өздерінің жеке және мүліктік құқықтарын қорғауды пайдаланатын болады.

 

Барлық жаңалықтар