• Басты
  • ШҚО-да соңғы екі жылда білім беру саласына 1,7 млрд теңге бөлінді
29 Қараша, 2017 15:13

ШҚО-да соңғы екі жылда білім беру саласына 1,7 млрд теңге бөлінді

Шығыс Қазақстан Облысында 2015-2019 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытуға бағытталған Кешенді жоспар қабылданып, жергілікті бюджеттен соңғы екі жылда 1,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ШҚО-ның әкімі Даниял Ахметов айтты.
ШҚО-да соңғы екі жылда білім беру саласына 1,7 млрд  теңге бөлінді

Баспасөз маслихаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ШҚО-дағы жүзеге асу барысы туралы болды.

Даниял Ахметов облыстың білім саласындағы оң өзгерістері мен жоспарлары туралы ақпараттар берді.

«Елбасы Жолдауында дамудың шешуші басымдықтарының бірі ретінде адами капиталдың сапасын жақсарту көрсетілген. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев білім беруді жаңа экономикалық өсудің орталық буыны ету мақсатын қойды. Бұл бағытта негізгі назар инфрақұрылымдық даму мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұнға көшуге аударылмақ»,-дейді Д.Ахметов.

Осы бағытты негіз етіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Шығыс Қазақстан мектептерінің химия, биология, физика және робот техникасы сыныптарын жаңартып, модификациялауға бағытталған «Менің мектебім» жобасы қолға алынған. «Өскемен қаласында өткен «Туған жер» форумында жеке кәсіпкерлер бұл жобаға арнап 2,3 млд. теңге көлеміндегі инвестиция салуға әзір екендіктерін білдірді»,- дейді облыс әкімі.

Білім саласындағы тағы бір маңызды бастама – ол мектеп түлектерінің сыртқа кетуін тоқтату мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыс. Облыс әкімдігі аймақтың негізгі ЖОО-на сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант және облыс экономикасын өркендетуге қажетті мамандықтар үшін мемлекеттік тапсырыс аясында 200 орын бөлмекші.

«Өткен жылы 3500, биыл 2500 тілдік пәндердің мұғалімдері арнайы курстан өтті. Мұғалімдерге арналған арнайы курстарға тіл мамандары, оқулық авторлары, Ұлыбритания, АҚШ, Канада секілді елдерден тіл қолданушылары тартылды»,-деп тоқталып өтті Даниял Ахметов өз сөзінде.

 

Есбол Социалхан

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды