- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарында бес жылдық кешенді бағдарлама әзірленді
ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарында бес жылдық кешенді бағдарлама әзірленді
Облыс әкімі баспасөз маслихатында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асу барысына тоқталды.
«Облыста 28 млрд. Теңге бюджеті бар, қатарына 61 жоба кірген бес жылдық «Рухани жаңғыру» кешенді аймақтық бағдарлама құрастырылды. Көп этникалық халықтың тарихын, бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін зерттеу, сақтауға бағытталған жобалардың маңыздылығы жоғары. «Көне қазыналар» жобасы бойынша Катон-қарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандары, Ұлан ауданындағы Абылайкит қорған-монастырі, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы, Абай ауданындағы Қырықүңгір ескерткіші қатарлы 5 археологиялық-зерттеу жұмыстары зерттелінді»,-деді Д.Ахметов.
Сондай-ақ, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, танымдық туризмін дамытуға бағытталған «Шығыс Қазақстанның маржаны» атты аймақтық жоба жақын арада көпшілікке жол тартпақшы. Бұл жобаны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жасалған. Осының ішінде ШҚО-ның 10 нысаны Республикалық сараптау комиссиясының қарауынан кейін «Қазақстанның киелі жерлері» тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын цифрлік форматқа ауыстыру бойынша жұмыстар басталған.
Ата-бабамыздан қалған дәстүрлі дүние танымды насихаттау, тарихи сананы қайта жаңғырту мақсатында, «Рухани білім беру» жобасы аясында Семей қаласында 100 орынға шақталған шығысқазақстандық дінтану колледжі құрылақшы.
Бұдан бөлек, «Туған жер» бағдарламасына 21 млрд. Теңгеден астам қаражат жиналған.
«Облыстың аудандары мен қалаларында тек биыл ғана жалпы сомасы 5,2 млд. теңгенің 929 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Өңірдің ірі өндірістік кәсіпорындары әлеуметтік нысандардың құрылысына арнап «Парыз» қоры арқылы қосымша 4,8 млд. теңге бөлді. Құны 11,3 млд. теңгені құрайтын тағы 419 жобаны іске асыруға дайындық жүргізілуде», - деп тоқталды облыс әкімі Даниял Ахметов.
Есбол Социалхан
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді