- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрия 4.0 бойынша үлгілік сандық фабрикалар қалай бастау алады
Индустрия 4.0 бойынша үлгілік сандық фабрикалар қалай бастау алады
Цифрландыру жобасы аясында цифрлық туылу орны, цифрлық кең, электронды сауда-саттықты дамыту, интелектуалды көліктік жүйе, цифрлық тау-кен өндірісі және электрэнергетикалық кешен сынды ірі жобалар қарастырылуда.
«Цифрландыру барысында тау-кен ісі мен метталлургиялық ірі компаниялар кешені ғаламтор арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, алуан біріккен жүйелерден келіп түсетін ақпарат алмасу және жинақтауға қабілетті қадағалау құрылғылары болады. Игі нәтижеге қол жеткізіп, басқарудағы дұрыс шешім қабылдау тұрғысында мәліметтерді визуалды көріністе беру үшін алдынғы қатарлы құралдар, қадағалау құрылғысы, сенсорлар, өнімнің бағасын белгілеу жүйелері енгізіледі»,-деп атап өтті Асқар Мұсан.
А.Мұсанның сөзіне сүйенсек сол үшін Индустрия 4.0 үлгілік цифрлық фабриканы құру технологияларын қолдана отырып пилоттық жобаны жасақтау жоспарланып отыр.
Сонымен бірге өндірісте цифрлық технологияны іске асыруда өзінің оң әсерін береді. Осы межені бағындыру жолында 2018 жылы цифрландыру бойынша жеті үлгілік цифрлық фабрикалардың жоспары жасалады және сол жылы үлгілік цифрлық фабрикаларды құрылады. Келешекте 2019-2021 жылы өз өндірісінде сандық технологияларды енгізуге ынталы ірі және орта кәсіпорындарды талпындыратын іс-шаралар кешені қабылданатыны атап өтті.
Мұнымен қоймай жүргізушілерге көлік қызметінің электронды төлемі мен ауа райы туралы хабарландыруды көлік қозғалысын бақылайтын бейнебақылау қызметін біріктіретін интеллектуалды транспорттық жүйе жобасы да іске асады.
ИТЖ бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Ол біртіндеп енгізіледі. Бұл- жол көлік қозғалысының жүйелеріндегі автожолдардағы төлемдерді алудан тұратын техникалық құралдардың кешені. 2022 жылы транзиттік ағынның көлемін 10 пайызға ұлғаяды.
Еске сала кетерлік жайт бүгін Астанада «Цифрлы Қазақстан: Мемлекеттік басқарудағы инновациялық технологиялар» атты конференция өтуде. Іс-шара аясында Қазақстан экономикасын цифрлы түрлендіру жөнінде талқылау өтіп жатыр.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады