• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда “Экология бойынша балалар бизнес-жобалары” VІІІ Республикалық байқауы өтуде

Қазақстанда “Экология бойынша балалар бизнес-жобалары” VІІІ Республикалық байқауы өтуде

15 Қаңтар, 2014 10:31
Астанада 2014 жылдың мамырында “Экология бойынша балалар бизнес-жобалары” VІІІ Республикалық байқауы өтуде. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінде мектеп оқушылары 2014 жылдың 30 наурызына дейін өтініштерді жіберуде. Байқауға қатысуға экономика мен экологияны оқитын Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінің, гимназиялары мен лицейлерінің негізгі, жоғарғы деңгейлерінің оқушылары (оқушылар топтары) шақырылады», - делінген хабарламада.

Байқауға қолданбалы сипаттағы жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде қабылданады. Рефераттар мен баяндамалар қарастырылмайды.

 Байқаудың ұйымдастырушылары “”Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары минитрлігі “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен.

Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды кәсіби бағдарлау ауданындағы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және оны білім беру үрдісіне енгізу.  Білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру үшін мұғалімдердің педагогикалық шығармашылықтарын стимулдандыру.

 

Барлық жаңалықтар