- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда жұмыспен қамту орталығы ашылды
Таразда жұмыспен қамту орталығы ашылды
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков су жаңа Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жай күйімен танысып қайтты.
Өңір басшылығының ақпаратына сүйенсек әлеуметтік қызмет алушыларға қолайлы қызмет көрсету мақсатында жалпы алаңы 1200 шаршы метр ғимараты беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, көгалдандырылды.
Керекті компютерлер мен жабдықтар алынды. Бүгінгі таңда орталық барлық қажетті материалды техникалық базалармен жарақтандырылған. Халықтың кедергісіз қызмет алуы үшін жаңа орталықта электронды кезек, күту залы, кеңесшілердің арнайы жұмыс орны, балалардың ойын бөлмесі, ресепшн, конференция және мәжіліс залы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету залы бар. Бос жұмыс орындары көрсетілген электронды тақтайша да орнатылған. Орталықта барлық штат саны 47.
Өткен жылы белсеңді түрде 30 330 адам жұмыспен қамтылса, ағымдағы жылдың 10 айының өзінде бұл көрсеткіш 32 536 жетіп отыр.
2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы халыққа жол тартады. Бұл күнкөрістің ең төменгі шегін 116 пайызға жеткізіп, кедейлікті жоюда 40 пайыздан 50 пайызға жеткізіп, соған сәйкес әлеуметтік көмек алушылардың саны артады деп күтілуде. Жаңа жылдан кейін жәрдемақы алушылар саны 191 мың адамға жетеді.
Жаңа нысанның ашылуымен ыңғайлы мемлекеттік қызмет алу мүмкінідігі жеңілдейді деген үміт бар. Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда облыс көлемінде 11 жұмыспен қамту ортылығында 136 штат саны өз жұмысын жүргізіп отыр.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері