• Басты
  • Жаңалықтар
  • Солтүстік Қазақстан облысында бизнес-қауымдастықтың 4 түрі тіркеуден өтті

Солтүстік Қазақстан облысында бизнес-қауымдастықтың 4 түрі тіркеуден өтті

15 Қаңтар, 2014 10:25
Солтүстік Қазақстан облысында бизнес-қауымдастықтың 4 түрі: тасымалдаушы, фармацевт, құрылыс пен Сауда-өнеркәсіптік палатаның мамандары тіркеуден өтті, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының баспасөз қызметі.

«Салалық бірлестік өкілдерінің жаңа дәрежесі туралы құжат алдағы уақытта кімдермен бірігіп жұмыс істейтіні жайлы жақсылап танысуы үшін Өңірлік кеңес мүшелерінің қатысуымен тапсырылды», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкинаның айтуынша, қауымдастық өз тәуелсіздігі мен бостандығын сақтай отырып, ортақ жұмыстарға да қатысады.

«Ең бастысы қазір біз үшін кәсіпкерлердің сеніміне кіру. Егер кәсіпкерлер бізге сенім танытып, бірігіп жұмыс істеуге ниеттеніп жатса, бұл біз үшін үлкен жетістік», - деді директор.

Сонымен қатар, өңірде салалық жеті сараптама кеңесі құрылды. Олардың міндеттері жергілікті жерлердегі кәсіпкерлердің мәселлерін шешу.

 

Барлық жаңалықтар