- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Абаев жасырын пікірлерді шектеуге қатысты ойын білдірді
Д.Абаев жасырын пікірлерді шектеуге қатысты ойын білдірді
«Пікір қалдыру барысында ұлтаралық араздықты қоздырудың көптеген фактілері, келеңсіздіктер, азаматтарды кемсітушілік сияқты жайттар орын алып жатады. Біз ақпараттық порталдар пікірді кімдер қалдыратынын білу үшін қадағалау мүмкіндігін енгізуді жоспарлаудамыз. Біз лақап ат пайдалану құқығын қалай болғанда да алып тастамаймыз. Бұл жерде ешқандай проблема жоқ», - түсіндірді ҚР АКМ басшысы.
Дәурен Абаевтың айтуынша, ақпараттық портал лақап атпен белгілі бір азаматтың тіркелгенін білетін болады.
«Ұлтаралық араздықты қоздыру, конституцияға қайшы қандай да бір іс-әрекетке шақыру орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына оны қадағалап, талап қоюына мүмкіндігі болады деп ойлаймын. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пікір жазуға, тіпті сыни пікір жазуға да шектеу қоюды көздемейді», - деп сендірді Дәурен Абаев.
Ведомство басшысы сендіріп кеткендей, бұл жағдайда керісінше, пікірін еркін білдіру құқығы арта түседі.
Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстанда заңнамаға қарсы контенті үшін 3 мыңға жуық сайт бұғатталды. Осы ретте, 200 мыңнан астам ескертулер әлеуметтік желілерге жіберілді.
Ақбота Күзекбай
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек