- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары жаңаруда
Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары жаңаруда
Т.Дүйсенова айтып өткендей, қазіргі таңда елімізде халықаралық талаптарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Бұл үдерісті 2021 жылға қарай аяқтау қажет.Қызметкерлердің денсаулығы мен еңбекті қорғаудың ынталандырушы шаралары енгізіліп жатыр. Мәселен, еліміздің 1400-ден астам кәсіпорны Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді », — деді Тамара Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қабылдаған кешенді шараларының арқасында жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда оң қарқын сақталған.
«2016 жылы өндірісте зардап шеккендер саны 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеген.Жұмысшыларға зиянды жағдайда еңбек еткеніне төленетін түрлі өтемақылар шығыны 2012 жылғы 78 млрд теңгеден 2016 жылы 100 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», — деді Т. Дүйсенова.
Министр, сондай-ақ, зиянды өндіріс жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың кемінде алты күндік ұзақтығы бар қосымша демалыс алуға құқығы бар екенін еске салады. Бұл өтемақы Еңбек кодексінде жазылған.
«Бүгінде тиісті ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілуде және 2018–2019 жылдары еңбек заңнамасына зиянды еңбек жағдайларында қызмет ететін жұмысшыларға (қосымша демалыс, жұмыс уақытының қысқартылуы, еңбекақының жоғарлауы) кепілдіктерді сараланған түрде ұсыну арқылы жаңа тәсілдер енгізілетін болады, аттестаттау нәтижелерін ескере отырып кепілдіктер көлемі анықталады», - деді министр.
Ақбота Күзекбай
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау