- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр: Біз 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының қоғамдық мәнін түсіндіруіміз керек
Премьер-Министр: Біз 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының қоғамдық мәнін түсіндіруіміз керек
«Бұл өте маңызды құжат. Жоба Астана мен Алматының түрлі алаңдарында қаралды. Соңғы талқылау отандық сарапшылардың қатысуымен кеше өткізілді. Бұл жұмысқа шетелдiк мамандар, консалтингтiк компаниялар, Дүниежүзiлiк банк мамандары да тартылды. Осының нәтижесiнде биылғы жылғы Мемлекет басшысының Жолдауында тапсырылғандай, бiз сәйкес құжаттарды дайындап қоюымыз керек болған», - деді Премьер-Министр.
Премьер-Министр айтып өткендей, Елбасының Жолдауында аталмыш құжатты жыл соңына дейін әзірлеу тапсырылған болатын.
«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды және халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін құжат әзірленді. Аталған құжат еліміздің негізгі стратегиялық құжаты – «Қазақстан-2050»-ді іске асыруға бағытталған. Мақсат – 30 озық дамыған ел қатарына қосылу», — деді Б. Сағынтаев.
Айта кетейік, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкімет мүшелері бірауыздан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қолдап, Мемлекет басшысының қарауына жіберді.
Стратегиялық жоспардың басты мақсаты — 2025 жылға дейін сапалы әрі табысты экономика өсімін қамтамасыз ету, ЭЫДҰ-ға мүше елдермен салыстыруға келетін өмір сүру деңгейіне жету.
«Жобаға сәйкес, жылына кем дегенде 4,5-5% деңгейінде экономика өсіміне қол жеткізу жоспарланып отыр, бұл Қазақстанға жан басына шаққандағы ЖІӨ өсім деңгейін 2025 жылға қарай 46 100 $ (СҚТ бойынша) дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Т.Сүлейменов.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері