- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғамдық кеңес мүшелері 9 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарастырды
Қоғамдық кеңес мүшелері 9 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарастырды
Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында айқындалған 99-шы қадамы орындалды.
«2015 жылы Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. Еліміз бойынша 229 қоғамдық кеңес кұрылды. Осы қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады», - деді Н.Ермекбаев.
Заң қабылданған сәттен бастап 2 жылға жуық уақыт ішінде Қоғамдық кеңестермен біршама нақты жұмыстар жасалды.
«Қоғамдық кеңестер тұрғындарды алаңдататын қоғамдық көліктердің жұмысы, тұрғын-үй құрылысы, пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы және тағы да басқа өзекті мәселелерге қатысты қоғамдық мониторинг жүргізуде», - деді министр.
Министр атап өткендей, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасалуда.
«Кеңес мүшелері 9 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарастырып, құжаттардың оннан біріне түсініктеме берді.Барлық деңгейдегі мемлекеттік орган басшыларының жұмыс нәтижесі бойынша есеп беру тәжірибесі қалыптасты», - деді Нұрлан Ермекбаев.
Атап айтқанда, кеңестердің қызмет еткен уақыты аралығында барлық деңгейдегі (213) әкімдер мен министрліктердің бірінші басшылары, жергілікті атқарушы органдардың 1300-ге жуық басшылары қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді.
«Тұрғындардың 600-ден астам өзекті мәселелері қоғамдық тыңдауларға шығарылды. Олардың қатарында сумен жабдықтау, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және т.б. өзекті мәселелер», - деді ол.
Кеңестер қызметінің тәжірибесі қоғамдық кеңестердің халық көзқарасын білдіретін қоғамдық институты ретінде танылғанын дәлелдеп отыр.Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үрдісіне ықпал ете алатын тетік ретінде қалыптасты.
Әртүрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің, халықаралық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, ICNL), үкіметтік емес ұйымдар ұсыныстарының негізінде «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ережеге өзгерістер әзірленді. Бүгінде ол келісу рәсімдерін өтуде», - деді Н.Ермекбаев.
Министрлік тұрақты негізде қоғамдық кеңестердің қызметіне талдау жүргізеді. Жергілікті жерлерде кеңес өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап отырамыз.
«Осы бағытта Министрлік 3 ірі зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның ішінде 1 зерттеу Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесе атқарылды және онлайн-сауалнама ұйымдастырылды», - деді министр.
Жалпы, жоғарыда аталған мәселелерді ОЭСР (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының) сарапшылары да өз ұсынымдарында бірнеше рет атап өткен болатын.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді