Павлодарлық кәсіпкерлер Қырым кәсіпкерлерімен келісім шартқа отырды

15 Қаңтар, 2014 09:40
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Қырым Автономдық Республикасының Сауда-өндірістік палатасымен ынтымақтастық келісіміне отырды, деп Қазақстанның ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталмыш келісім шарт екі жақ елдің кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндік береді. Тараптар туристік жүйенің дамуы мен бизнес пен инвестициялық жобаларға қатысуды қарастырды", - делінген хабарламада.

Келісім аясында екі жақтың кәсіпкерлері сауда қатынасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Ол қосымша инвестицияның желісін арттырады. Сондай-ақ, әріптес елде екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін өкілеттілік пен кәсіпкерлік ашу жоспарланған.

Кәсіпкерлер палатасы одан әрі халықаралық тиімді қарым-қатынастарды дамытуды көздеп отыр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар