- Басты
- Жаңалықтар
- Р. Ошақбаев: 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму Жоспары азаматтық сектордың араласуы арқылы жүргізіледі
Р. Ошақбаев: 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму Жоспары азаматтық сектордың араласуы арқылы жүргізіледі
Рахым Ошақбаев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының сапасы жоғары екенін атап өтті.
«Менің білуімше, Қазақстанда алғаш рет осындай жоғары маңызға ие құжат кең ауқымды қазақстандық сараптамаға сүйене отырып әзірленді. 80-ге жуық сарапшы пікірталастарға қатысып, стратегияны әзірлеуге атсалысты. Жалпы алғанда, ол ешқандай шағым тудырмайды», — деді сарапшы.
Сарапшы құжат 2025 жылға дейін жаңа адами капиталды жетілдіру, технологиялық жаңару — цифрландыру, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі, құқық үстемдігі, қуатты өңірлер, кенттену, рухани жаңғыру, мемлекеттік сектордың тиімділігі саласындағы жеті реформа қарастырылған қызықты құрылымға ие екенін атап өтті.
«Бұдан өзге, толассыз сипатқа ие жеті саясатты іске асыру көзделген. Ал ең алдымен, бұл қолжетімді несие, төменгі пайыздар, ынталандырушы салық саясатынан және салық салу саласындағы теңдіктен тұратын ынталандырушы макроэкономикалық саясат», — деді сарапшы.
Жоспардың жобасына сәйкес, макроэкономикалық саясат бюджеттің тұрақтылығына және мұнайлы емес тапшылықты төмендетуге, ақша-несие саясатының икемділігін қамтамасыз етуге және қаржылық әрі құрылымдық саясатпен үйлестіруге бағытталған.
Бұдан өзге, Р. Ошақбаев аталған Стратегиялық жоспарды іске асыру азаматтық сектордың араласуы арқылы жүргізілетініне назар аударды.
«Азаматтық қоғам мен бизнестің атқару мониторингіне қатысуы өте маңызды. Егер бұған дейін жауапкершілік мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар арасында бөлінсе, енді бұл тәсіл түбегейлі өзгерді. Жоспардың орындалуы бір жағынан азаматтық секторды, екінші жағынан бизнесті кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылатын болады», — деп сөзін қорытындылады сарапшы.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Ашық диалог» бағдарламасында 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жобасын таныстырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады