- Басты
- Жаңалықтар
- «Рухани жаңғыру» аясында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі Еуропаға жол тартты
«Рухани жаңғыру» аясында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі Еуропаға жол тартты
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласынан өрістейтін маңызды міндеттерді іске асыру барысында Мәдениет және спорт министрлігіне кең көлемді мәдени жоба – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбымен қыруар жұмыс атқару жүктелгенін атап айту қажет. Осы бағытта министрліктің басшылығымен, Отандық мәдениеттің заманауи бейнесін ашып, оның әлемдік аренаға жол тартуына оң ықпал ету және жоғарыда аталған ірі мәдени жобаны іске асыру мақсатында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы және Республикалық неміс драма театры 2017 жылғы желтоқсан айында Еуропа мемлекеттерінің астаналарында үлкен гастрольдік турне өткізуді жоспарлап, жүзеге асыруға кіріскелі отыр»,-деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.
Ruh.kz хабарлауынша, турдың бағыты Берлин – Париж – Вена – Брюссель – Мәскеу сияқты ірі еуропалық мәдени астаналарды қамтиды.
Неміс театрының труппасы еуропалық аудиторияға Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» классикалық шығармасының жаңа, инновациялық нұсқасын ұсынады. Ал «Astana Musical» театры «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық музыкалық қойылымын көрсететін болады.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен халық композиторларының шығармалары, ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандары негізінде дала театрының элементтерін пайдалана отырып «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін Франция, Германия, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінің назарына ұсынуға дайын. «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі қазақ мәдениетін әлемдік аренаға шығарып, ұлттық болмысын таныстыруға нағыз лайық туынды деп ойлаймын»,-дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.
Есбол Социалхан
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы