- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Алтын сапа» байқауы туралы жарлыққа түзетулерге қол қойды
Н.Назарбаев «Алтын сапа» байқауы туралы жарлыққа түзетулерге қол қойды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 32, 282-құжат; № 75, 666-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы» (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті» (келісім бойынша)»;
«Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)»;
«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан құс шаруашылығы одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
«Қазақстанның картоп өсірушілері мен көкөніс өсірушілері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру қағидалары осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру қағидалары осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарға төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Эмблемалардың нысандарын және конкурстардың дипломдарын сипаттамаларымен қоса Комиссия төрағасы бекітеді.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) оқыту семинарларын және вебинарлар өткізу арқылы әлеуетті қатысушылар үшін конкурстар өлшемшарттары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
8) сарапшылар тізілімін жүргізу;
9) конкурстарды ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтік желілерде сапа идеясын насихаттау;
10) өңірлік және республикалық конкурстардың сараптамалық топтарын құру;
11) кәсіпорындарға бару арқылы финалистерді бағалауды жүргізу.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Конкурстардың жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру салтанатты жағдайда жүзеге асырылады. Конкурс жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын тапсыру күні және орны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша айқындалады.».
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 24 қараша
№ 588
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары