- Басты
- Жаңалықтар
- 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарға барлық салаларды цифрландыру енгізілген – сарапшы
2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарға барлық салаларды цифрландыру енгізілген – сарапшы
«Цифрландыру — бұл жеке сала емес, ол экономиканың барлық салаларына әсер етеді. Осыған орай Қазақстанның бүкіл аумағын кең жолақты интернет желілерімен тездетіп жабдықтау қажет. Бұл Стратегиялық жоспарда бар. Мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік, бюджеттік қорлар форматында және өзге де әдістермен кең жолақты интернетті әрбір елді мекенге жеткізу жолының табылғанына қуаныштымын», - деді Б. Мусин.
Ол атап өткендей, екінші аспект – сауда саласы. Жалпы, барлық сауда-саттықты «электрондық рельстерге» көшіруіміз керек.
«Менің ойымша, бұл бүгінгі күнге қажетті қадам. Бүгінгі шағын электронды сауда келешекте экономиканың нағыз драйверіне айналуы керек», - деп атап өтті сарапшы.
Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органдардың процестерін оңтайландыру қажет.
«Денсаулық сақтау жүйесін автоматтандыру қажет. Себебі, адамдар дәрігердің қабылдауына дәптермен емес, смартфондарымен келеді. Құқық қорғау саласында да сол жағдай. Біз ұзақ жылдар бойы сыбайлас жемқорлықпен күрестік, ал қазір жағдайды «Сергек» шағын камерасы өзгертіп жатқанын көріп отырмыз», — деп түйіндеді Б. Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысының барысында 2025 жылға дейінгі статегиялық даму жоспары жобасын таныстырды.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет