Қазақстан аграршылары Мәскеудегі бизнес-форумға қатысады

15 Қаңтар, 2014 10:15
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі Мәскеуде болатын бизнес-форумға 90-ға жуық қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдар өкілдерін тартуды көздеп отыр, онда Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті ұсынылады, деп «Қазагро» Холдингі» АҚ хабарлады.

««Қазақстан Аймақтары – Мәскеу: ынтымақтастықты қарқындату» бизнес-форумы 2014 жылдың 23-24 қаңтары күндері Ресей Федерациясының астанасында өтеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өндірушілер мен қайта өндірушілер үшін үлкен маңыздылығы бар іс-шара «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің Мәскеу Үкіметімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілеттілігімен бірлесе ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

 «ҚазАгро» холдингі басшысы Дулат Айтжановтың айтуынша бизнес-миссияның басты мақсаты – Мәскеу нарығына қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастыру сұрақтарын ресейлік серіктестермен бірлесіп шешу.

Екі күндік мәскеулік форум аясында қазақстандық өндірушілер өнімдері және республиканың АӨК саласының экспорттық мүмкіндіктері ұсынылды. Өз кезегінде Мәскеу қ. Сауда және қызметтер Департаменті ресейлік бас мегаполистің нарығы жағдайы, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сату және сақтау мүмкіндіктері туралы айтуды көздеп отыр. 

Іскерлік кездесу форматы үш бағытта сессиялар өткізуді жоспарлайды. Оның біріншісі – астық, ұн, күріш жеткізуде ынтымақтастық. Екінші – ет және ет өнімдерін жеткізу, Үшінші – ауыл шаруашылығы және көкөніс өнімдерін сату саласында байланыстар.

Форум барысында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен Мәскеу қалабасы Сергей Собянинмен кездесуі жоспарлануда. Сонымен қатар, іс-шара нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мәскеу қ. сауда және қызметтер Департаменті арасында өзара көмек пен ынтымақстастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар