- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында сәби өлімі 38%-ға төмендеді – Р.Рүстемов (ВИДЕО)
Қызылорда облысында сәби өлімі 38%-ға төмендеді – Р.Рүстемов (ВИДЕО)
Қызылорда облысында биылғы жылдың есепті кезеңіңде ана өлімі тіркелген жоқ, ал сәби өлімі 38% төмендеді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов хабарлады.
«Қызылорда облысында биылғы жылдың есептік кезеңіңде ана өлімі тіркелген жоқ, ал сәби өлімі 38% төмендеді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Облыс әкімінің бастамасымен өңірімізде облыстық балалар ауруханасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы орташа республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 45%-дан 73%-ға көтерілді»,-деді сөз басында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Спикердің айтуынша, өңірде балалы болуды жоспарлау, бала тәрбиесіне көңіл бөлу, ажырасудың алдын алу және отбасы жоқ жалғызбасты жандарға психологиялық және консультативті көмек көрсету мәселесі бір жолға қойылған.
«Өңірімізде жанұяны жоспарлау, жас ана мектептері, жүктілікке дайындалу кабинеттері тұрақты жұмыс істейді және өздерінің кеңестерін береді. Сонымен қатар, ақпараттық танымдық мәтериалда таратылып тұрады. Жалпы, облыста әлеуметтік тапсырыс аясында гендерлік және отбасылық демографиялық саясатты жүзеге асыру мақсатында сегіз жоба жүзеге асырылуда», - деді Руслан Рүстемов.
Жалпы, Қызылорда облысы әкімі орынбасарының айтуынша, аталған жобалар арасында бірқатар ілкімді істер қолға алынған. Олардың ішінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер тұрақты өткізіледі. Биылғы жылдың желтоқсан айында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Әйелдер форумы» мен «Жас отау» облыстық байқауы ұйымдастырылады.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар