• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы Мыңарал зауыты толық өндірістік қуатқа – жылына 1,2 млн тонна цемент өндірісіне қол жеткізді

Жамбыл облысындағы Мыңарал зауыты толық өндірістік қуатқа – жылына 1,2 млн тонна цемент өндірісіне қол жеткізді

15 Қаңтар, 2014 09:17
Жамбыл облысындағы Мыңарал зауыты толық өндірістік қуатқа – жылына 1,2 млн тонна цемент өндірісіне қол жеткізді.

«Аталмыш жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды. Оның жалпы құны 34,9 млрд теңгені құрайды. Жаңа кәсіпкерлікте 236 адам еңбек етсе, олардың орташа айлық жалақысы 106 мың теңге», - делінген акиматта.

Айта кету керек, кәсіпкерліктің қуаты жылына 1,2 млн тонна өнімді құрайды.

Сонымен қатар, цемент зауыты қуатының артуына байланысты қосымша темір жол мәселесі қарастырылуда.

Жалпы, ҮИИД МБ аясында өңірде 29 жоба іске асырылды. Бас-аяғы онда 4 мың жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 2013 жылы 8 жоба енгізіліп, оған 21 млрд теңге инвестиция тартылып, 626 жұмыс орны ашылған.

 

Барлық жаңалықтар