- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді
Б. Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді
Кездесу барысында Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясының қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ, болатты әлемдік нарықтарға экспорттаудың кейбір аспектілері талқыланды.
ArcelorMittal — әлемнің ірі металлургиялық компаниясы. Люксембургте тіркелген және сонда компанияның штаб-пәтері орналасқан. 2006 жылы люксембургтік Arcelor компаниясы мен үнді бизнесмені Лакшми Митталға тиесілі үнділік Mittal Steel компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылған. Компаниялар біріккеннен кейін өндірістік қуаттылығы жылына 420 млн тоннаны құраған.
Компанияға Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тиесілі, оған Қарағанды металлургия комбинаты, сегіз көмір шахтасы, екі электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темір марганец кеніштері және қосалқы кәсіпорындар кіреді. 1995 жылы Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру бойынша жабық тендерде сатылып «Испат Кармет» АҚ ретінде құрылған. 2004 жылғы желтоқсанда «Испат Кармет» «Миттал Стил Теміртау» АҚ ретінде тіркелді, ал 2007 жылғы 6 қыркүйекте «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болып қайта тіркелді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді