- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы алты елшіден сенім грамоталарын қабылдады
ҚР Мемлекеттік хатшысы алты елшіден сенім грамоталарын қабылдады
«Биыл Қазақстан мен Гвинея дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтеді. Екіжақты қарым-қатынастың маңызды оқиғасы Гвинея Республикасының Президенті Альфа Конаденің ИЫҰ Саммитіне қатысуы үшін Астанаға жасаған сапары болды», - деді Г.Әбдіқалықова Гвинея елшісімен әңгімелесуінде.
Панама елшісімен кездесуінде Мемлекеттік хатшы ЭКСПО платформасында жүзеге асырылып жатқан жобалар: Астана халықаралық қаржы орталығы, БҰҰ ұранымен инвестициялық жобалар мен «жасыл» технологияларды дамыту халықаралық орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі жобаларына қатысуға шақырды.
Г.Әбдіқалықова Мали Республикасының елшісімен әңгімелесуінде Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымына қосылғанына алғыс білдірді.
«Қазақстан Хорватияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы әлеуетті серіктес ретінде қарастырады. Экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыру қажет. ҚР-да 30 хорват компаниясы жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы қаңтар-қыркүйекте 301 млн долларды құрады», - деді Мемлекеттік хатшы Хорватия елшісімен әңгімесінде.
Мемхатшы қазақстандық компаниялар жоғары сапалы астық пен мал өнімдерін жеткізуге дайын екенін айтты. Хорваттық компаниялар индустриаландырудың екінші бесжылдығы жобаларына қатыса алады.
Кипр елшісімен кездесу аясында Г.Әбдіқалықова айтып өткендей, біздің саяси диалог белсенді сауда-экономикалық серіктестікпен нығаюы керек.
Перу елшісімен кездесуінде Г.Әбдіқалықова оны 2018-2019 жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. Ол Перудың БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне өтуі 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанның ұйымға енуімен тұспа тұс келіп отырғанын айтты.
Қорытындысында Мемлекеттік хатшы елшілерді Қазқастандағы дипломатиялық қызметпен құттықтап, табыс тіледі.
Қайрат Жандыбаев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді