- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойы мерекеленді (ФОТО)
Астанада Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойы мерекеленді (ФОТО)
Ruh.kz хабарлағандай, шара Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған тарихи сананы қалыптастыру идеясымен ұштасып жатыр. Конференция Алаш зиялыларының идеясын, тағылымды ғұмырын ұрпақ тәлім-тәрбиесінің өзегіне айналдыру, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында әлемдік ғылым-білім мен руханияттың заңғар биігіне көтерілген іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау мақсатында өткізілді.
«Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Бүгінгі конференция тақырыбына сай еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері белсене атсалысып, нәтижесінде 150-ге жуық ғылыми мақалалардан тұратын жинақ жарық көрді. Оның ішінде 10-нан астам шетелдік ғалымдардың мақалалары бар. Бұл конференцияның тақырыбы мен маңызы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған идеялармен ұштасып жатқандығын атап айту керек. Алаш қайраткерлерінің негізгі идеясы қазақ халқының ұлттық тұтастығы болды. Алаш қозғалысының шеңберінде қалыптасқан Алаш партиясы, Алаш автономиясы, Алаш үкіметін құруға атсалысқан Алаш зиялыларының ғұмырын, қажыр, қайратты тұлғалық қасиеттерін дәріптеп, насихаттау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі», – деді өз сөзінде ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., профессор Ж. Таймағамбетов.
Конференция барысында 150-ге жуық мақаладан тұратын жинақ-кітап шараға қатысушы қонақтарға берілді. Аталған конференция аясында Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен Алаш қозғалысын зерттеп жүрген ғалымдардың шығармашылығы топтастырылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Алашты зерттеу, дәріптеу, ұлықтау жүйелі түрде қолға алынып жатыр. 1917 жылдың желтоқсан айынан бастап құрылған Алаш үкіметі 18-19 жылдардан бастап негізгі жұмыстарын атқара бастаған. Сондықтан Алаштың 100 жылдығын атап өту шараларын биылғы жылмен шектемей, алдағы үш жылдың шеңберінде жалғастыру керек. Бұл ғылым саласындағы басты тақырыптардың бірі деп есептеймін. Алашқа қатысты ашылмаған тақырып көп. Көптеген тұлғалары белгісіз. Ол туралы мағлұматтар өте аз. Алаш қайраткерлері туралы жазып жүрген мамандар олардың тек өмірбаянын баяндаумен шектелмей, нақты еңбектерін зерттеуді қолға алу керек. Бұл – барлығымыз үшін алдымызда тұрған үлкен бір міндет», – деп пікір білдірді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы.
Сонымен қатар Ұлттық музейде Алаш қайраткерлеріне қатысты құнды жәдігерлер мен мұрағат құжаттарынан тұратын көрме ашылды. Көрмеге Мағжан Жұмабаевтың портфелі, сүт құятын ыдысы, Сәкен Сейфуллинның шапаны, Мұхтар Әуезовтың шапаны және тоғызқұмалағы, Алаш Орданың әр кезеңдегі мөрлерінің көшірмелері мен фотосуреттер қойылған. Аталған көрме 2018 жылдың 5 ақпанына дейін жалғасады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды