- Басты
- Геологтар аэрогеофизикалық компьютердің жаңа әдісін пайдаланады (ФОТО)
Геологтар аэрогеофизикалық компьютердің жаңа әдісін пайдаланады (ФОТО)

Ғалым Нұржановтың айтуынша, «Қазгеология» АҚ геологтары 2017 жылы Қазақстан Республикасының 12 өңіріндегі учаскелерде жұмыстар жүргізді. Жалпы сомасы 2 млрд. теңге құрайтын жұмыстар орындалды. Оның ішінде, 10 учаскеде мемлекеттік тапсырманың шеңберінде жұмыстар жүргізіліп, 1 млрд. теңгеден астам қаражат игерілді.
Оңтүстік Кемпірсай учаскесінде бұрғылау және камералдық жұмыстар жалғасуда, оларды 2021 жылы аяқтау жоспарлануда. Биылғы жылы 21 мың қ.км ұңғыма бұрғыланды, 66 км маршрут өткізілді.
«Негізгі 16 кен провинциясында сирек жер металдарына (иттрий, иттербий) геологиялық барлау жұмыстары басталды. 5.5 қ.км іздеу маршруттары өткізілді, 5.5 мың қ.км таукен әзірленімдері жасалды, 3400 қ.м ұңғыма бұрғыланды. Жалпы сомасы 244 млн. теңгеде жұмыстар орындалды, 2018 жылы 259 млн. теңге игеру жоспарлануда», - деп атап өтті «Қазгеология» басшысы.
Атап өтер болсақ, геофизикалық партия жыл басынан бері көлемі 2000 қ.км магнитпен барлау жұмыстарын, 600 қ.км электрмен барлау зерттеулерін орындады.
«Оның ішінде «Қазақмыс» үшін магнитпен барлау - 500 қ. км, электрмен барлау - 200 қ.км, мемлекеттік тапсырманың шеңберіндегі электрмен барлау - 300 қ. км, - «Ghadir Industry» тапсырысы бойынша – магнитпен барлаудың көлемі - 100 қ. км. Компанияның өз қаражаты есебінен Костанай алаңында және Майлышат учаскесінде жүргізілген электрмен барлау - 100 қ.км және магнитпен барлау -1400 қ. км.», - деді Ғалым Нұржанов.
2014 жылдан бастап жалпы көлемі 81 мың қ.км аэрогеофизикалық түсіру жұмыстары орындалды, олардың ішінде: ұшақпен – 69 мың қ.км; тікұшақпен – 12 мың қ.км. ZTEM технологиясы пайдаланылып – 3200 қ.км, VTEM технологиясымен 8700 қ. км.
«Күні бүгін AirTEM кешені тікұшақпен электр барлауын жүргізудің әлемдегі ең үздік жүйесі болып табылады. Технологияны байқап сынаудың пилоттық жобасы Степногор алаңында басталды, жұмыстар көлемі 700 қ.м құрайды. Жалпы, «Triumph Instruments» 2007 жылы құрылған, аспаптар жасау компаниясы. Ол жаңа әрі инновациялық аэро, жер бетіндегі және ұңғымаға арналған геофизикалық аспаптар жасаумен әрі оларды дамытумен айналысады. Осы компанияның жабдықтары Канадада, АҚШ-та, Перуде, Қытайда және Мексикада табысты пайдаланылуда», - деп баса айтты Ғалым Нұржанов.
Бұдан басқа, Ғалым Нұржанов хабарлағандай, мыс, алтын, жерде сирек кездесетін элементтер, сирек жер металдары, қорғасын, мырыш, хром сияқты стратегиялық металдар кен орындарын іздеу және барлауға бағытталған 39 инвестициялық жоба іске асырылуда.
«Инвестициялық жобалар бойынша 2017 жылдың аяғына дейін геологиялық барлауға 4 млрд. теңге жеке инвестициялар салу жоспарлануда. «Rio Tinto» ұлтаралық компаниясы 2015-2017 жылдары 2 жоба бойынша 3,3 млрд. теңге инвестиция салады. Ал, «Iluka Rersources» ағымдағы жылы Қостанай облысында «Air core» құрғақ бұрғылау технологиясын пайдаланып, көлемі 9 000 қ.м 300 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын орындады. Іздеу объектілері – шашыраңқы титан-цирконий кен орындары. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жалғастыру үшін 2 перспективалы алаң таңдап алынды. Іске асыру басталғалы бері 700 млн. теңге инвестиция салынды.
«Ulmus Fund» неміс қоры Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында мыс кендерін барлауға 600 млн. теңге сомасында қаржы жұмсады.
Биылғы жылы Қазақстанда «Полиметалл» және «Ghadir Industry» компаниялары алғашқы геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Полиметалл» АҚ-тың тапсырыс беруі бойынша Қостанай облысының Шекара учаскесінде алаңы 1 200 ш.км аэрогеофизикалық зерттеулер орындалды, бұл кен орнының алтын, күміс және мыс кендерінің өнеркәсіптік кеніштерін табуға перспективасы бар», - деді «Қазегология»АҚ төрағасы.
Айта кетер болсақ, 2018 жылы «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Полиметалл» АҚ жобаларын қоса алғанда, 5 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартып, жобаларға салу жоспарлануда.
Геологиялық барлау саласына 50 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы инвестиция көлемінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін «YILDIZLAR SSS HOLDING» және «Lidya Madencilik» түрік компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
Ақбота Күзекбай
Фото:автор және ҚР ИДМ
-
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады
Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.
04 Желтоқсан 2019, 10:30
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» дауыс беру мерзімі ұзартылды
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» үшінші кезеңінің дауыс беру мерзімі 25 қарашаға дейін ұзартылды.
19 Қараша 2019, 17:04
-
Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана клубының» бесінші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Отырыс «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбына арналып отыр. Клуб сарапшылары пікірталасына АҚШ, Қытай мен Ресей үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 11:05
-
Жаңа жоба бойынша кәсіпкерлікті дамытуға қандай мүмкіндіктер беріледі
Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасының іске асу нәтижелерін қорытындылап, 2025 жылға арналған бағдарламада бизнесті дамытуға кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 10:23
-
Қ.Бозымбаев: Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға артады
Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға, ал, 2025 жылы 6 пайызға артпақ. Бұл туралы укімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қазан 2019, 17:17
-
А.Сайтбеков: Халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көштік
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты бүгінгі полиция азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналуы тиіс" екенін атап өтті. Жолдаудың осындай негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін көлік полицейлері бірқатар іс-шара өткізуді қолға алды. Соның бірі елордада өтіп жатқан "Мен полицей боламын!" форумы. Форумға қатысып, алғашқылардың бірі боп сөз алған ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сайтбеков Айдар халықпен жұмыс істеудің жаңа форматына көшкендігі жөнінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қазан 2019, 12:24
-
«Нұрлы жолдың» жаңа кезеңі іске қосылады
2019 жылы 22 қазанда ҚР Үкіметінің жиынында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын дамыту мәселесі қаралды. Биыл 2014-2019 жылдарға арналған бағдарламаның алғашқы кезеңі аяқталып, 2020-2025 жылдары іске асырудың жаңа бағыттары бекітіледі. Аталмыш бағдарламаның алғашқы кезеңдегі жетістіктері мен жаңа міндеттері туралы төмендегі материалда қарастырамыз.
25 Қазан 2019, 10:38
-
Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 1 қазанына 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдық жоспардың 89% (373 мың), оның 146 мыңы ауылдық жерлерде.
22 Қазан 2019, 09:45
-
Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек
Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасына жазды.
21 Қазан 2019, 15:10
-
Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасында жаңа контейнерлік сервис іске қосылды
Алтынкөл қазақстандық шекаралық станция арқылы транзитпен Қытай – Еуропа – Қытай жаңа баламалы бағыт бойынша алғаш рет Сиань (Синьчжу) – Стамбұл (Халкали) – Прага (Чехия) бағыты бойынша контейнерлік пойыз жүріп өтті.
21 Қазан 2019, 11:03
-
Жаңа жылдан бастап мыңдаған көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
18 Қазан 2019, 16:04
-
2021 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді
2021 жылдан бастап Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың келтірілген экологиялық зардапты жоюға міндеттейтін жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
17 Қазан 2019, 13:25
-
М. Кортюм: Қазақстанға жаңа вагондар жеткізіледі
Қазақстан темір жол саласы жаңа вагондармен толығады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Михаэль Кортюмнің теміржол жолаушылар тасымалын дамыту туралы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қазан 2019, 13:01
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды