• Басты
  • Қараөткел ауылында 280 орындық екі балабақша ашылады
27 Қараша, 2017 13:34

Қараөткел ауылында 280 орындық екі балабақша ашылады

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, Қараөткел ауылында әлеуметтiк нысандарды аралап, ауылдың алдағы даму жоспарымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қараөткел ауылында 280 орындық екі балабақша ашылады

Естерiңiзге сала кетейiк, осыдан бiр апта бұрын Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметi алаңында болған пресс- конференция барысында, Мәлiк Мырзалин журналистердiң Қараөткел ауылына қатысты қойған сауалдарына, елдi мекендегi ахуалды келiп көремiн деген болатын.

Астана iргесiнде орналасқан бұл ауылда бүгiнгi таңда 20 мыңнан астам адам тұрады. Қараөткелде 7 жеке бала бақша, 2 мектеп, дәрiгерлiк амбулатория бар. Астана айналасындағы ауылдардың әлеуметтiк-экономикалық даму кешендi жоспарының 1 кезеңi бойынша мұнда 1200 орындық жаңа мектеп, сумен қамтамасыз ету мақсатында су қорын барлау жұмыстары жүргiзiлiп, ауыл iшiнде су құбыры тартылып, 2 резервуар мен бас жоспарға өзгерiстер енгiзiлген.

Даму жоспарының екiншi кезеңi бойынша мұнда ауылды сумен қамтамасыз ететiн Сабынды-Ақмол су таратқышын реконструкциялау жобасы әзiрленген, ендi осы жобаға сәйкес су таратқыш стансада күрделi жөндеу жүргiзу қажет, сонымен қатар, сумен қамтамасыз ететiн жүйелер құрылысы жоспарланған. Сондай ақ, алдағы уақытта мұнда 2 бала бақша, ауылiшiлiк 96 шақырым жолдың құрылысы көзделген. Аймақ басшысы Қараөткелдiң алдағы жоспарымен танысып, жолдар жөндеуге арналған жобалық құжатты әзiрлеу жұмысын жеделдетiп, құрылыс жұмыстарын келесi жылдың көктемiнде бастауды тапсырды. Ал, қажеттi әлеуметтiк нысандарды мемлекеттiк жеке серiктестiк арқылы инвестиция тартып шешудi жүктедi.

Сондай ақ облыс әкiмi, Астана iргесiнде орналасқан аудан әкiмдерi мен жауапты облыстық басқарма басшыларына журналистерге арнап, дәстүрлi баспасөз мәслихатын өткiзiп тұруды жүктедi.

«Бұл шара, тұрғындардың түйiткiлдi сұрақтарына жауап берiп әрi халықтың жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысымен танысуға септiгiн тигiзедi», -дедi Мәлiк Мырзалин.

Аймақ басшысы ауылда 2010 жылы ашылған «Ақжелкен» бала-бақшасы мен жергiлiктi мектепте болды. Дәрiгерлiк амбулатория жұмысымен де танысты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды