- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның жетекші археологтары Астанада кездесті
Қазақстанның жетекші археологтары Астанада кездесті
Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру идеясының мәнмәтініндегі Ұлы дала елінің ежелгі және ортағасырлық тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, археологтар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі Мәдениет және өнер істері департамент директоры Алмаз Нұразқан өз сәлемдесу сөзінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру аясындағы археологияның маңызы зор екенін атап өтті:
«Бүгін осы халықаралық конференцияға еліміздің тарихын қалыптастыруға өз үлесін қосқан Қазақстан мен шет елдердің археологиялық ғылымның бетке ұстар жетекші мамандар қатысып отыр. Жалпы, осы жыл мәдениет саласы үшін, оның ішінде археологияға да, маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз еліміздің жылнамасының алтын әріптермен жазылатын оқиғалардың куәсі болып отырмыз!» – деп қорытындылады ол.
Конференцияның пленарлық отырысында өркениет кезеңдерінің, қорған салу мәдениетінің кең таралуы, жерлеу және ғибадат ету ғимараттарының ерекшеліктері талқыланып, табылған қола дәурінің жәдігерлері ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстан аумақтарында табылған жерлеу орындары мен ондағы тұрмыс заттарына салыстырмалы талдау жасалды.
Дала қазбалар нәтижелері интерактивті графикалық интефейс жасау арқылы креативті қалпында көрсетіліп, ал табылған жәдігерлердің бір қатары Ұлттық музейдің қорына тапсырылды.
«Бұл жыл біз үшін барлық тараптан жемісті жыл болды. Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан ғылыми зерттеу жобаларын қолға алуда. Мәдениет институтынің қолдауымен және «Берел» қорық мұражай күшімен біраз археологиялық қазбалар жүргіздік. Оның нәтижесінде бүгінгі уақытша экспозиция құрамындағы Тоқсанбайдан табылған 4 мың жыл бұрын жасалған жәдігерлер мен Оңтүстік Қазақстан аумығы қалашықтарынан табылған ыдыс-аяқ пен әшекей бұйымдар. Бұл – табылған заттардың шамалысы ғана, көптеген бұйымдарға қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуде. Осы өтікізліп отырған конференцияның маңызы тек есеп беруде ғана емес, бұл – болашақта жасалу тиіс бағытты айқындау!» – деп, осы күндері 70-жылдық мерейтойын атап өткен тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев бөлісті.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді