- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентінің Кубогы үшін жекпе-жек
ҚР Президентінің Кубогы үшін жекпе-жек
Жарысқа республиканың әр өңірінен және қуатты құрылымдардан жасақталған 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесінде 26 команда сынға түседі. Ұйымдастырушылар жекпе-жек сайысынан Бүкілқазақстандық қауымдастық пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті ұйытқы болды. Турнирдің бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры». Аталған турнир отандық спортшылардың және еліміздің қуатты құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын және жастар арасында жекпе-жек сайысын насихаттау мақтасында турнир ұйымдастырушылары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып, «Замандас» отбасылық аула клубтарының тәрбиеленушілерін дүбірлі доданың көрермені болуға әрі спортшылармен жүздесіп, пікір алмасуға шақырды. Сондай-ақ, спорт сүйер қауым үшін турнир барысында бағалы сыйлықтар мен лотерея ойнатылады. Бұдан бөлек, көрермен назарына ҚР МКҚ Президенттік оркестрінің концерттік бағдарламасы және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекпе-жек сайысынан қойылымдық көрсетілімдер ұсынылады.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 28 қараша күні сағат 15:00-де астаналық «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. 29 қараша күні сағат 18:00-де турнир қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Келіп жанкүйер болам дегендер үшін есік ашық!
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады