- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ұлттық ойындары халықаралық танымалдыққа ие болуда — А. Райымқұлова
Қазақстанның ұлттық ойындары халықаралық танымалдыққа ие болуда — А. Райымқұлова
Primeminister.kz хабарлағандай, Астана қаласында «Экспо-2017» аясында «Қазанат» ипподромында «Алтын жебе» жамбы ату бойынша халықаралық жарысы өтті. Жарысқа әлемнің 11 елінен 19 спортшы қатысты, солардың ішінде Малайзия, Түркия, Польша, Германия, Румыния, Катар, Моңғолия және Қытайдан келген спортшылар бар. Ал Қазақстанның атынан бес спортшы атсалысты. Жалпы жүлде қоры 4,5 млн теңгені құрады.
Вице-министрдің айтуынша, аталған ойын шетелдік спортшылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Жарыста бірінші орынды румыниялық спортшы — Михай Кузми иеленді. Екінші орынды қазақстандық спортшы Сарыбай Айтбек алса, үшінші орын да қазақстандық Айкөз Ералханға бұйырды.
«АҚШ-тан келген ковбойлар командасын ерекше атап өткім келеді. Олар «Экспо»-ға турист ретінде келген. Кейін біздің ұлттық ойындарымызға, оның ішінде жамбы атуға қызығушылықтарын танытқан. Өздерінің командасын құрды. Енді келесі чемпионатқа келуді жоспарлап отыр», — деді А. Райымқұлова.
Жалпы, вице-министрдің айтуынша, жамбы ату ойыны халықаралық ауқымға танылып жатыр. 2013 жылдан бастап Астанада Түркі әлемінің ұлттық ойындарын дамыту қауымдастығы қызмет етеді, ол әлемде жамбы атуды дәріптеумен айналысады. Оның құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан кіреді.
А. Райымқұлованың айтуынша, аталған жарыстар бірінші кезекте насихаттаушы әрі біріктіруші рөлге ие.
Айта кетейік, жамбы ату — тек Қазақтанда емес, сондай-ақ, өзге елдерде де танымал ұлттық спорт түрлерінің бірі. Ойын қатысушыларының садақпен нысанаға атуындағы ептілігі мен дәлдігі сыналатын ұлттық спорт ойыны.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады