- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында смарт-медицина элементтері енгізілді
Қарағанды облысында смарт-медицина элементтері енгізілді
«Облыста смарт-медицина енгізіліп жатыр. Кешендік медициналық ақпараттық жүйеге барлық емханалар мен ауруханалар енгізілген, оның ішінде жеке меншік мекемелер де бар. Емделушілерге ол келесідей мүмкіндіктер береді. Емханадағы дәрігерге қаралуға жазылу – бұрыңғыдай тіркеу орны арқылы жазылуға болады, жәнеде арнайы мобильді қосымшаны жүктеп алып, емхананың ресми сайтына кіріп немесе терминал арқылы да жазылуға болады. Бұл қызмет түрлерімен қазірдің өзінде емханаға келушілердің үштен бір бөлігі пайдаланады» , - деді Е. Қошанов.
Сонымен қатар жүкті әйелдерге арналған Босанғанға дейінгі патронаж арнайы қосымша да бар. Келешекте бір жасқа толмаған балаларға арналған мобильді патронажды іске қосу жоспары тұр.
«Сандық флюоротека құрылды. Жыл сайын оған 700 мың адамның өкпе суреттері жүктеледі. Олардың барлығы қаралатын уақыт келгені туралы хабарлама алады, жәнеде дәрігерлер де ол базаға ену құқығына ие. Соның нәтижесінде алдын ала қаралу тиімділігі 20-дан 75%-ға дейін үлғайды», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Оның айтуынша, жедел жәрдем бірегей диспетчерлік қызметін құру науқастардың шақыртуларына уақтылы бару көрсеткіштерін 90%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Жыл соңына дейін облыста денсаулық сақтау саласы толықтай электронды картаға ауысуды жоспарлап отыр.
«Білім беру саласында да процесстер автоматтандырылуда. Қарағанды облысы «Балабақшаға электронды кезек» республикалық пилоттық жобаға қатысады. «Биылғы оқу жылында облыстың 230 мектептері электронды журналды енгізуге көшкен. Ата-аналарға арналған Edu-Mark мобильді қосымшасы жасалған, оны 64 мыңнан астам адам пайдаланады», - деп түйіндеді Ерлан Қошанов.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қандай шектеу шаралары енгізілді -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды