- Басты
- Жаңалықтар
- QazFinnTec жасыл технологияларды беру орталығы ашылды
QazFinnTec жасыл технологияларды беру орталығы ашылды
«Екіжақты қарым-қатынастың осы аптадағы маңызды оқиғасы - Финляндия елордасында қайта құрылған QazFinnTec жасыл технологияларды беру бойынша қазақ-фин орталығының ашылуы болды. Жеке фин компанияларының, ҚР-ның Хельсинкідегі Елшілігінің қолдауымен экономикалық дипломатия аясында құрылған орталық фин технологиясын пайдалана отырып Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы, мәселе жаңартылған энергия көздерін пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды биогазға айналдыру, ақпа суларды тазарту мен өзгеде салаларды қамтып отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-дан.
Р. Василенко өзінің ашылу салтанатынзағы сөзінде атап өткендей, «2050 жылға дейін мемлекеттің стратегиялық даму міндеттерінде көрсетілген тұжырымдамалық басымдықтары мен Қазақстанның жаһандық тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін көрсететін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламаларына сәйкес Қазақстан өткізіп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыру аясындағы аталмыш бастаманың маңызы зор.
«ҚР энергетика министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі қолдау көрсететін жаңа орталықтың қызметіне Қазақстанның жетекші индустриалды, инновациялық, технологиялық және қаржы мен Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде рөлінің нығаюы өз септігін тигізетін болады», - деп сендірді ол.
Өз кезегінде, жаңадан құрылған QazFinnTec орталығы аясындағы өзара қарым-қатынастың әлеуетіне Финляндияның СІМ сыртқыэкономикалық істер бойынша мемлекеттік хатшысы Маркк Кейнянен жоғары баға берді. Ол баса айтқандай, Қазақстанның даму стратегиясы Орталық Азия мәтінінде үлкен маңызға ие. Финляндияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы және оның аясындағы президент Саули Ниинисто мен ФР-ның бірқатар салалық министрлерінің сапары екі жақты қарым-қатынастың сапалы құраммен толығуына, фин және халықаралық бизнестің Қазақстанға қызығушылығының артуына септігін тигізді.
«Бүгінде АХҚО, халықаралық жасыл технологиларды беру орталығы, IT-стартаптар халықаралық паркі негізінде екі ел арасында өзара бірдей тиімді ынтымақтастық орнатудың бірігей мүмкіндіктері туындауда», - деп түйіндеді М. Кейнянен.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар