- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырды
ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырды
Оның айтуынша, өңірдегі 61 мектеп биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастаған пилоттық мектептердің тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша 18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 35 мыңнан асқан. Облысымызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы 12 мектеп-интернаттар, 5 балабақша мен кеңес беру мекемелері және оңалту орталығы қызмет етеді.
«Сондай-ақ, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы негізінде облыста 2017-2018 оқу жылында 75 мыңға жуық студент білім алуда. Облыстық бюджет есебінен 91 мамандық және 160 біліктілік бойынша мамандар даярлануда. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасынан 3 мыңға жуық бала, 220 жетім бала және аз қамтылған отбасынан 8 мыңнан астам бала білім алуда», - деді Исатай Сағындықов.
Бұдан басқа, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша 4500-ден астам студент 26 жұмысшы мамандықтары бойынша оқумен қамтылған.
Айта кетер болсақ, білім басқармасы тарапынан облыстағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін арнайы комиссия құрылып отыр. Қазіргі таңда комиссиясының үш отырысы өтіп, оған жалпы саны 131 үміткер қатысыпты. Нәтижесінде барлық үміткердің 120-сы заң талаптарына сәйкес келеді деп танылса, комиссия шешімімен қалған 11 үміткердің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды