- Басты
- Жаңалықтар
- Кооперативтерді қаржыландыруға 45 млрд теңгеден астам қаржыны несиеге беру жоспарлануда – ҚР АШМ
Кооперативтерді қаржыландыруға 45 млрд теңгеден астам қаржыны несиеге беру жоспарлануда – ҚР АШМ
Қор басшысы хабарлағандай, бүгінгі күні кооперациялау идеясын ауыл тұрғындары түсініп, қолдауда. Кооперативтерге қолдау көрсету құралдары қатарында жеңілдетілген несиелеу, кооперативтерге кепілдіксіз несие беру және субсидиялау бар.
«Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» несие желісі келесі негізгі өнімдерден құрылады: «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс», «Егінжай», «Кәсіпкер», «Қарқынды алма бақтары». Несиенің орташа сомасы – 4 млн. тг, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін, тиімді сыйақы үстемесі – жылына 6,7% дейін, жеңілдетілген мерзім – 2 жылға дейін. Модульді сүт қабылдау немесе мал сою бекеттері, сондай-ақ рефрижераторлар, сүт немесе мал тасымалдау көліктері несиеге сатып алынатын болса, қарыз қаражатынан сатып алынған жабдықтар кепілдік ретінде қойылады. Сонымен қатар, кооператив мемлекеттен сатып алынған жабдықтар бағасынан 50% және жиналған өнімге субсидия алады», - деді Ж. Омаров.
Басқарма төрағасы атап өткендей, Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» қатысуымен 18 500 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 528 кооператив құрылды. Кооперативтер мен олардың қатысушыларын қаржыландыруға 25 млрд. теңге бағытталды.
«10 айдың ішінде Қор жалпы сомасы 45 млрд. теңгеге 12 мың несие берді, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 16,4 млрд. тг, бюджеттік қаражатынан – 22,4 млрд. тг, өз қаражаты мен жергілікті бюджеттерден тартылған қаражаттан – 6,2 млрд. тг берілді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 10 млрд. теңгеге өсті», - деп хабарлады Ж. Омаров..
Сонымен қатар, ол толықтырып кеткендей, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдіктерімен жасалған келіссөздердің нәтижесінде ауылдағы шағын несиелеуге жергілікті бюджеттерден қосымша 1,3 млрд теңге бағытталды.
«Бүгінгі таңда Қордың тарихында алғаш рет несие қоржыны 100 млрд теңгеден асып 104 млрд-қа жетті, белсенді қарыз алушалырдың саны 44 мыңнан асты. Соңғы бес жылда несие қоржынының көлемі 5 есе, қарыз алушылардың саны 3 есе, қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі 4 есе өсті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарын қаржыландыру жұмыстары жалғасатын болады. 45 миллиард теңгеден астам сомаға несие беру жоспарлануда», - деп түйіндеді спикер.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласында шағын шаруашылықтарды біріктіру болып бекітілген. Өткен жылы осы бағытта кешенді жұмыстар басталды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «ҚазАгро» холдингі құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордың негізгі мақсаты – ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін арттыру.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды