Н.Назарбаев Кәсіподақтар федерациясының төрағасымен кездесті

23 Қараша, 2017 17:37
Елбасы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

« Сіз көптеген қызмет атқардыңыз. Ректор да, министрдің орынбасары да болдыңыз. Құқық қорғау, әділет органдарында, Жоғарғы сотта еңбек еттіңіз. Заң саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңіз мол», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Барлық жаңалықтар