- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ-де ауыл кәсіпкерлігін шағын несиелеу туралы айтып берді
АШМ-де ауыл кәсіпкерлігін шағын несиелеу туралы айтып берді
Спикер ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров қатысты.
Ж.Омаров «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» – ауылдық шағын несие нарығында ірі операторлардың бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы саласында шағын шаруашылықтарды біріктіру болып бекітілген. Өткен жылы осы бағытта кешенді жұмыстар басталды. Қор басшысының айтуынша, бүгінгі күні кооперациялау идеясын ауыл тұрғындары түсініп, қолдауда.
Ж.Омаров кооперативтерге қолдау көрсету құралдары қатарында жеңілдетілген несиелеуді, кооперативтерге кепілдіксіз несие беру және субсидиялауды атап өтті.
Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» несие желісі келесі негізгі өнімдерден құрылады: «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс», «Егінжай», «Кәсипкер», «Қарқынды алма бақтары». Несиенің орташа сомасы – 4 млн. тг, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін, тиімді сыйақы үстемесі – жылына 6,7% дейін, жеңілдетілген мерзім – 2 жылға дейін.
Модульді сүт қабылдау немесе мал сою бекеттері, сондай-ақ рефрижераторлар, сүт немесе мал тасымалдау көліктері несиеге сатып алынатын болса, қарыз қаражатынан сатып алынған жабдықтар кепілдік ретінде қойылады. Сонымен қатар, кооператив мемлекеттен сатып алынған жабдықтар бағасынан 50% және жиналған өнімге субсидия алады.
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» қатысуымен 18 500 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 528 кооператив құрылды. Кооперативтер мен олардың қатысушыларын қаржыландыруға 25 млрд. теңге бағытталды.
10 айдың ішінде Қор жалпы сомасы 45 млрд. теңгеге 12 мың несие берді, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 16,4 млрд. тг, бюджеттік қаражатынан – 22,4 млрд. тг, өз қаражаты мен жергілікті бюджеттерден тартылған қаражаттан – 6,2 млрд. тг берілді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 10 млрд. теңгеге өсті.
Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдіктерімен жасалған келіссөздердің нәтижесінде ауылдағы шағын несиелеуге жергілікті бюджеттерден қосымша 1,3 млрд теңге бағытталды.
Бүгінгі таңда Қордың тарихында алғаш рет несие қоржыны 100 млрд теңгеден асып 104 млрд-қа жетті, белсенді қарыз алушалырдың саны 44 мыңнан асты. Соңғы бес жылда несие қоржынының көлемі 5 есе, қарыз алушылардың саны 3 есе, қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі 4 есе өсті.
Келесі жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарын қаржыландыру жұмыстары жалғасатын болады.
45 миллиард теңгеден астам сомаға несие беру жоспарлануда.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі